Алматыда жаңбыр жауады

Алматыда жаңбыр жауады
Сурет:Wallpaperup.com

30 шілдеге арналған ауа райы.

30 шілде күні Алматыда көшпелі бұлт, өткінші жаңбыр, найзағай болады. Ауа температурасы +28+30 градус болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен найзағай күтіледі. 30-31 шілдеде шығыста, 31 шілдеде оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады. Тек еліміздің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың барлық аумағында ауа температурасының көтерілуі болжануда: күндіз батыста, солтүстік-батыста 25-41, солтүстік пен шығыста 23-33, орталықта 25-37 градусқа дейін жылы болады»,– делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.