Алматыда ұшақ экипажының мүшелері астан уланды

Алматыда ұшақ экипажының мүшелері астан уланды
Сурет: Turkystan.kz

 «Алматы-Астана», «Астана-Алматы» және «Алматы-Семей» рейстерінде қызмет атқарған 4 борт серік өздерін жайсыз сезінген.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, үшеуі ауруханаға түскен, ал біреуі үйінде емделуді жөн санаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазір олардың жағдайы жақсы. Осы жайтқа қатысты тамақпен қамтамасыз ететін мекеменің цехында тексеріс жүргізілген. Санитарлық нормалардың бұзылғаны анықталып, 1600 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Дегенмен, санитариялық-эпидемиологиялық департамент өкілдері экипаж мүшелерінің нақты борттағы тамақтан уланғанына күмән келтіріп отыр.

«Барлық қажетті талдаулар жүргізілді. Талдаулар нәтижесі бойынша теріс нәтиже алынды. Олар қолданған тамақ өнімдерінің барлығынан ешқандай оң нәтиже шыққан жоқ. Осыған байланысты борттық тамақтан улануды осы аталған тамақтандырумен байланысты емес деген тұжырым шығардық», -деді ДСМ Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Ақмарал Рамазанқызы.