Белгілі диктор Әбдірәлі Бөлебай дүние салды

Белгілі диктор Әбдірәлі Бөлебай дүние салды
Сурет: Inbusiness.kz

Әбдірәлі Бөлебай бақилық болды

Радио және телевизия саласының ардагері, белгілі диктор Әбдірәлі Бөлебай 70 жасқа қараған шағында дүниеден өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazradio.fm сайтына сілтеме жасап. 

Әбдірәлі Бөлебай Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Ерназар ауылында дүниеге келген.

Алматыдағы №46 қалалық кәсіптік техникалық училищені, Құрманғазы атындағы консерваторияны бітірген.

1983 жылы  Мәскеу қаласындағы Бүкілодақтық теледидар және радио қызметкерлерінің білімін жетілдіру институтынан дәріс алды.

Еңбек жолын "Қазақфильм" киностудиясында режиссердың көмекшісі болып бастады.

1977 жылы Қазақстан кәсіподақтары жанындағы республикалық көркемөнерпаздар үйінде методист;

1978 жылы Қазақ радиосының дикторы;

1985 жылы Қазақ теледидарында диктор;

1992-96 жылдары дикторлар тобының жетекшісі;

1996 жылы "Хабар" агенттігінде "Жеті күн" ақпаратты сараптау бағдарламасы және "Жаңалықтар" қызметінің жүргізушісі;

2000 жылы "Қазақстан" ұлттық арнасының Астана филиалында диктор;

2002 жылы ҚР Президентінін Телерадиокешенінде продюсер;

2004 жылы ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемкорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) баспасөз хатшысы болып қызмет атқарады. Әбдірәлі Бөлебай өмірінің соңында дейін Қазақ радиосында дикторлық қызмет атқарды.

«Ол телерадиода дикторлық өнердің қыр-сырын терең меңгерген, дауыс үні өзгеше, шеберлігі толысқан білікті маман. Оның оқыған телерадиохабарларынан өзгеше бір тыныс, кең ауқым, биязылық пен парасаттылық лебі еседі. Жылы жүзді, жайдарлы, қарапайым. Әбдірәлі ағамыздың алтын дауысы Қазақ радиосының «Алтын қорында» сақтаулы. Отбасы мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз», - деді Радиодан.