Алматыда Төле би көшесін ұзарту жұмыстары жүріп жатыр

Алматыда Төле би көшесін ұзарту жұмыстары жүріп жатыр
Сурет: Vlast.kz

Қала тұрғындарының жайлы өмір сүруі мен жолдағы кептелісті азайту индикаторларының бірі болып табылады. 

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев ОКҚ-да өткен Алматы қаласының әлеуметтік экономикалық дамуының 5 айдағы негізгі қорытындылары туралы сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Көлік инфрақұрылымын дамыту қала тұрғындарының жайлы өмір сүруі мен жолдағы кептелісті азайту индикаторларының бірі болып табылады.

1) Ағымдағы жылдың 30 мамырында метроның «Сарыарқа» және «Б.Момышұлы» 2 станциясы ашылды, бұл күнделікті жолаушылар ағымын 1,9 есе 86 мың адамға дейін арттырды (қазан айынан бастап күтілуде).

2) Ағымдағы жылдың мамыр айында ұзындығы 800 метр Әуезов көшесі Гоголь көшесінен Райымбек даңғылына дейін ұзартылды, сондай-ақ ұзындығы 7,7 шақырым 2 көшені (Саин көшесі, Төле би көшесі) ұзарту жалғасуда.

3) 3 көлік жолайрығының құрылысы жүріп жатыр, оның біреуін «Бұқтырма – Құлжа күре жолын» осы жылдың соңында, екеуін – 2023 жылдың желтоқсан айында аяқтаймыз (Сейфуллин даңғылы – Жансүгіров көшесі, Саин көшесі – Мөңке би көшесі).

4) Ағымдағы жылы 5 шағын ауданда 50 шақырым жаңа жол құрылысын аяқтаймыз. 200 шақырым жолға орташа жөндеу жүргізіліп, 100 шақырым тротуарлар мен 80 аялдама жайластырылады. 

 «Нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесін биыл 86%-ке дейін жеткіземіз (2021 ж. - 83%)», - деді Ерболат Досаев.