Алматыда тағы да жер сілкінді

Алматыда тағы да жер сілкінді
Сурет: интернеттен

Сілкініс ошағы Алматыдан 484 шақырымда орналасқан.

Бүгін сағат 19:56-да сейсмологтар 2 балдық жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

ҚР ТЖМ "ННЦСН и И" ЖШС сейсмикалық станциялар желісінің деректері бойынша жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 484 шақырымда Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 13.6 құрады. MPV магнитудасы – 6. Тереңдігі – 10 км. Сезілуі туралы мәліметтер (ДСМ-64 шкаласы бойынша): Алматы қаласында - 2 балл, Кеген ауылы, Райымбек аудандарында - 3 балл.