Алматыда тағы бір жезөкшелер үйі анықталды

Алматыда тағы бір жезөкшелер үйі анықталды
Сурет: Polisia.kz

Боди-массаж салонының иесі де жауапқа тартылды.

Алматыда тағы бір жезөкшелер үйі анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Stop-трафик» жедел алдын алу іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері Алматы қаласының Медеу ауданында орналасқан боди-массаж салонын анықтады.

Үш қабатты коттеджде 15 бөлме мен сауна бар. Мекемедегі жұмыс барысын екі әкімші бақылап отырды.

«Әкімшілер мен салонда массажист болып жұмыс істейтін тағы 20 қыз ұсталды. Олардың жасы 20-28 жас аралығында. Бұл мекеменің «қызметкерлері» - Қазақстанның басқа аймақтарынан келген қонақтар. Олардың жеке басының басқа да құқықбұзушылықтарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Медеу аудандық полиция басқармасы ҚР ӘҚбК-нің 450-бабына сәйкес әкімшілік іс материалдарын жинақтады. Көрсетілген салонның иесі де анықталды – ол 34 жастағы Ж. есімді азамат болып шықты. Ол да жауапқа тартылды», – деді Алматы қалалық ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Жанат Нұрғалиев.