Алматыда тағы бір қыз таяқ жеген

Алматыда тағы бір қыз таяқ жеген
Сурет: видеодан скрин

Қыздың таяқ жеген видеосы желіде тарап кетті.

Дерек бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Біздің қорғалушы осы видеодан өзіне қол көтергендерді таныды. Оны да осылай аяусыз соққыға жыққан. Бойжеткеннің айтуынша, қыздар оны ұрып-соғып, ер адамдарға сатамыз деп қорқытқан. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, жәбірленуші талабымен іс мұрағатқа жіберілген. Ауылдан келген қыздар осылай секс-құлдыққа тартылады. Алдымен оларды ұрып-соғады, қорқытады, сосын зорлайды, видеоға түсіреді, масқаралаймын деп қорқытады. Масқара болудан, тағы да ұрып-соғып, қорлаудан қорқып, қыздар өздерінен талап етілетіннің бәрін жасайды», - делінген жазбада.

Tengrinews.kz Алматы полиция департаменті өкілдерінің жарияланған видеоға қатысты пікірін жариялады. Ведомствода бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, Алмалы аудандық полиция бөліміне тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

«Объектив мән-жайлар анықталып жатыр. Қазір іс жүргізу аясында кешенділік, толықтық және объективтілік қағидаттары қатаң сақтала отырып, қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы Алматы қалалық полиция департаментінің басқарма басшылығының бақылауында», - деді полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.