Алматыда базар өртенді

Алматыда базар өртенді
Сурет: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Базардағы халық эвакуацияланып жатыр.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматыда өрт сөндірушілер базардағы өртті сөндіруге кірісті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қоңырау бүгін түскі сағат 12-лер шамасында түсті.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері келген кезде «Кенжехан-2» киім-кешек базарының аумағында контейнер қоймадан өрт шыққаны анықталды. Өрт шарпыған аумақ анықталып жатыр.

Базарда тұрғандар көшіріліп жатыр.

Төтенше жағдайларды жедел жоюға Алматы қаласы бойынша Төтенше жағдайлар министрлігінің жеке құрамы мен техникасы жұмылдырылды.