Алматыда сейсмикалық жаттығу өткізіледі

Алматыда сейсмикалық жаттығу өткізіледі
Сурет: интернеттен

«Назар аударыңыз!» сигналы қосылады.

23 ақпан күні сағат 10.00-де Алматы қаласында жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өткізіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Сейсмикалық жаттығуды бастамас бұрын дабыл чемоданын дайындап, қауіпсіз жерге эвакуациялау бағытын айқындаңыз. Ғимараттардан, электр желілері мен үлкен ағаштардан алшақ тұрған ашық алаң қауіпсіз орын саналады. Сейсмикалық жаттығу барысында «Назар аударыңыз!» сигналын естігенде сабыр сақтап, теледидарды, радионы қосыңыз және нұсқауларды орындаңыз. Төтенше жағдайларға дайын болу – адам өмірі мен денсаулығын сақтаудың кепілі. Сейсмикалық жаттығуға белсенді қатысуға шақырамыз!» делінген Алматы қалалық ТЖД таратқан ақпаратта.