Алматыда сауда орталығына «жарылғыш қойылды»

Алматыда сауда орталығына «жарылғыш қойылды»
Сурет: видеодан скрин

Сауда орталығына көп адам жиналған видео Instagram-дағы парақшалардың бірінде жарияланды.

Қалалық ішкі істер басқармасының хабарлауынша, сауда орталықтарының біріндегі кинотеатрдың аумағында жарылғыш зат бар деген хабар сағат 16:25-те  түскен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"Осындай хабарламаларға ден қою алгоритміне сәйкес, қаланың төтенше және жедел қызметтері нысанға тартылды. Сапер бөлімшелері комиссиялық тексеру жүргізді. Жарылғыш зат табылмады", - деді Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция қазір аты-жөні белгісіз тұлғаның жеке басы анықталып жатқанын, ол ҚР Қылмыстық кодексiнің 273-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын атап өтті.