Алматыда «Сарыарқа» және «Б. Момышұлы» метро станциялары іске қосылды

Алматыда «Сарыарқа» және «Б. Момышұлы» метро станциялары  іске қосылды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Бұл станциялар қаланың халық тығыз орналасқан аудандарында тұр.

Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары барысында метрополитеннің жаңа станцияларының дайындығын тексеріп, олардың техникалық іске қосылуына қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Жаңа станциялар Алматы метрополитенінің екінші іске қосу кешенінің нысандары болып табылады, оның дайындығы қазіргі кезде 96%-дан асады.

Жол Абай даңғылының астында, Алтынсарин даңғылынан Яссауи көшесіне дейінгі батыс бағытта орналасқан. Аралық тоннельдерден және «Сарыарқа» және «Б. Момышұлы» екі станциядан тұрады. Желі учаскесінің ұзындығы – 3.08 км.
«Сарыарқа» станциясы «Фэмили» паркінің ауданында орналасқан, терең төселген, пилон типті, қозғалысы шектеулі топтары үшін 2 лифті, 8 экскалаторы бар екі кіру тобынан тұрады.

«Б. Момышұлы» станциясы Абай даңғылының астында, Момышұлы көшесінің батысында орналасқан. Шағын құрылыс станциясы, колонна типті. Ол екі жерасты лоббиінен және алты кіру тобынан тұрады. 6 лифт және 15 эскалатор қарастырылған.

Бүгінде негізгі құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды және іске қосу-жөндеу жұмыстары басталды, сәулет-әрлеу жұмыстары, инженерлік желілер, автоматика жүйелері және пайдалану жабдығын монтаждау аяқтала келді.

Метрополитен жолаушыларына жайлы және қауіпсіз жағдайлар жасау үшін қолданыстағы метрополитенмен автоматика жабдықтары мен жүйелерін біріктіруді, сондай-ақ электр жылжымалы құраммен жолдар бойынша домалатуды қамтитын іске қосу-жөндеу жұмыстары қарастырылған.

Бұл станциялар қаланың халық тығыз орналасқан аудандарында орналасқан, пайдалануға беру кезінде күтілетін жолаушылар ағыны күніне 40 мың адамнан 86 мың адамға дейін артады, бұл жалпы қаланың көше-жол желісі мен көлік инфрақұрылымының жүктемесін бірнеше есе азайтады.

Еске салсақ, бұған дейін Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Тұңғыш Президент күні мен Алматы метрополитенінің 10 жылдығына орай 8 жаңа электр жылжымалы құрам пайдалануға берілген болатын. Оларды оңтүстік кореялық Hyundai Rotem компаниясы Алматы метрополитені үшін арнайы өндірген. Бүгінде метрополитенде 15 пойыз жұмыс істейді.