Алматыда «пеш» орнатылған көлік айыппұл тұрағына қойылды

Алматыда «пеш» орнатылған көлік айыппұл тұрағына қойылды
Сурет: Ашық дереккөз

Кейбір Telegram-арналарда отынмен жүріп келе жатқан көліктің күлкілі бейнежазбасы жарияланған болатын

Алматы полициясы көлік салонының ортасына «пеш» қойған жүргізушіні жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Көлікті 1955 жылы туған Л.есімді азамат басқарған.

«Көлік құралын пайдалану ережелерін бұзған жүргізушіні анықтауға бағытталған тексеру шаралары аясында, Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасына сәйкес шаралар қабылданды. ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлігі бойынша материал жинақталды. Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды. Нақтырақ айтсақ, бұл жолы автокөлік жүргізушісі салонның ортасына ашық отты пеш жасап, екі жағына газ баллондарын орналастырған. Мұндай көлікті басқару, ең алдымен, оның иесіне, жолаушыларға және басқа да жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіретіні анық», – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.