Алматыда нөсер жауын жауады

Алматыда нөсер жауын жауады
almaty-akshamy.kz

Алматыда жаңбыр кезінде коммуналдық қызметтің 52 мобильді бригадасы жұмылдырылады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz
 
Алматы қаласында 12 сәуір күні сағат 05.00-ден 08.00 дейін 15 мм нөсер жауады. «Қазгидромет» РМК болжауынша, жаңбыр түске дейін жауады.

Су тасқынының алдын алу және болдырмау үшін 433 бірлік арнайы техника, 18 мотопомпа және 830 жұмысшы жұмылдырылады. Арық желілері арқылы судың кедергісіз ағып кетуі үшін 52 жедел мобильді бригада атсалысады.

Ауа-райының бұзылуына байланысты жүргізушілерге ағаштардың құлау және электр желілерінің үзілу қаупіне байланысты автокөлікті жол жиегіне қоймауға кеңес береміз. Су тасқынының алдын алу үшін қала тұрғындарынан арық пен каналды қоқысқа толтырып, бітеп тастамауды сұраймыз. Қандай да бір аумақты су басса, жедел шара қолдану үшін аудан әкімдіктеріне жүгінуге немесе +7 706 689 8898 What’s app нөміріне хабарлама жазуға болады.