Алматыда Наурыз мерекесі Көрісу күнімен басталады

Алматыда Наурыз мерекесі Көрісу күнімен басталады
Сурет: Ашық дереккөз

Алматыда Наурыз мейрамы 14 наурыз күні сағат 11:30-да Көк төбеде Көрісу күні  мерекесімен басталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Дәл осы күні қазақстандықтар бір-бірін көктемнің сәтті басталуымен құттықтайды, ізгі тілектер айтады және аға ұрпаққа құрмет көрсетеді. 

Мереке кезінде сахнада Мөлдір Әуелбекова, Айдар Тұрғанбек, "Алашұлы" тобы және "Алатау"дәстүрлі өнер театрының әртістері өнер көрсетеді. 

Кіру тегін. 

Қосымша 10:30-дан 14:00-ге дейін аспалы жолға кіру барлық келушілер үшін тегін.