Алматыда мұндай аяз 54 жыл бұрын болған

Алматыда мұндай аяз 54 жыл бұрын болған
Сурет: Vlast.kz

Кеше түнде Алматыда екі температуралық рекорд тіркелген.

Алматының аязы жарты ғасыр бұрынғы рекордты қайталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Синоптиктердің мәліметінше, 12 қаңтарда түнде Алматыда екі температуралық рекорд тіркелген.

«Ең төменгі температура «Шымбұлақта» тіркелді. Ол жерде ауа температурасы -27,8 градусқа дейін жетті. Бұған дейін қаңтардағы аяз 1969 жылы тіркелген болатын, шамамен -27 градус. Сонымен қатар, «Мыңжылқы» метеостанциясында температура рекорды тіркелді. Бұған дейін ол аймақта қаңтарда -32 градус тіркелсе, 12 қаңтарда -32,4 градус болды», - дейді Алматы және Алматы облысы бойынша "Қазгидромет" филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Қисебаев.

Оның сөзінше, биыл Алматыда қаңтар салыстырмалы түрде аяз қатты.