Алматыда мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған аналар өз кәсібін аша алады

Алматыда мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған аналар өз кәсібін аша алады
Сурет: Ашық дереккөз

Бастама «Әйелдерден әйелдерге» атты әлеуметтік жоба аясында іске аспақ

Алматыда мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған аналар өз кәсібін ашуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Бастама «Әйелдерден әйелдерге» атты әлеуметтік жоба аясында қолға алынды. Енді 22 көп балалы ана түрлі менторлар мен коучтардың көмегімен жеке кәсібін ашып, тұрақты жұмысқа орналаса алады. Жоба олардың өмірін түбегейлі өзгертуді көздейді. Бастамаға еліміздегі қоғамдық қорлардың бірі ұйытқы болған.

«Қазіргі кезде идея бар. Қазір енді соны жүзеге асыру үшін коучпен жоспар құрып жатырмыз. Және менторымыз бар. 20 жылдай еңбек өтілі бар. Менің ойымша біз аналарға әртүрлі көмек көрсетете аламыз», – деді көп хбалалы ана Назгүл Имаділдаева.

Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Үкімет те барынша қолдау жасайтынын айтты. Алып шаһарда осы жылдан бастап аутизмі бар балаларға Инватакси жобасы ашылып, оған 10 көлік бөлінді. Сондай-ақ мүгедектікті ерте кезеңде анықтау мақсатында 300-ге жуық медицина қызметкер оқытылды. Олар қаладағы емханалар мен перзентханаларға жіберіледі.

«Кәсіпті ашу бойынша жобалар туралы қысқаша мәлімет айтайын. Оларға басқарма тарапынан 400 МРП гранттар беріледі. Ол жаңа старт-ап бизнес ашуға жақсы мүмкіндік болмақ. Әлеуметтік осал топтарға беріледі. Өтініш Достық, 85 мекенжайындағы жұмыспен қамту орталығынада  қабылданады», – деді Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Қалибек Ақылбеков.