Алматыда «мүмкіндігі мол» әйел ұсталды

Алматыда «мүмкіндігі мол» әйел ұсталды
Cурет: ІІД

Банктен қайтарымсыз несие алуға уәде берген

Бостандық аудандық полиция Басқармасының мәліметінше, бірқатар алаяқтық жасады деген күдікке 1979 жылы туған Б.есімді азаматша ілікті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Бүгінгі күні біздің бөлімшенің өндірісінде үш адамның арызы жатыр. Ол біреуге әлеуметтік баспана алу кезегін «жылжытып» беруге, біреуге банктен қайтарымсыз несие алуға уәде беріп, үшіншісін қылмыстық істің тергеу барысына ықпал ете алатынына сендірді. Біраз уақыттан кейін бұл адамдар алданғандарына көз жеткізіп, ішкі істер органдарына жүгінді. Б.есімді азаматша ұсталды. Тергеу мерзімінде қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы шешім қабылданады. Сонымен қатар, қазір басқа да ықтимал жәбірленушілерді анықтау жұмыстары жүргізілуде. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда», - деді, Бостандық аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Думан Аухадиев.

Полиция қызметкерлері, Б.есімді азаматшаның заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен адамдар мына телефон нөмірлері арқылы хабарласа алатынын хабарлады: 254-47-01;  254-47-02 және 8-702-160-06-34.