Алматыда мүлік иелері бірлестігінің саны 700-ге жуықтады

Алматыда мүлік иелері бірлестігінің саны 700-ге жуықтады
Inform.kz

Алматыда қазіргі таңда 600-ден астам мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ) құрылған, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Қалалық тұрғын үй саясаты басқармасы берген ресми ақпаратқа сәйкес, бүгінгі таңда 671 жылжымайтын мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ) тіркеліп, 2 757 жай серіктестік (ЖС) таңдалды.

Жиыны 3621 көп пәтерлі тұрғын үйді (КТҮ) қамтитын 3 428 басқарудың жаңа нысаны құрылды.

Әкімдікте бұл бағыттағы жұмыстарда тұрғындар тарапынан белсенділік аз екенін атап өтті.

Сондықтан тұрғын үй саясаты басқармасында бірқатар түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

«2021 жылдың басынан бері 2800 КТҮ қамтылған 950 кездесу өткізілді, колл-орталық жұмыс істейді, брифингтер, сондай-ақ БАҚ өкілдерімен кездесулер өтті. Басқарудың жаңа формасын таңдау бойынша іс-әрекеттер алгоритмінің брошюралары мен бейнематериалдары бар», - деп мәлім етті әкімдіктен.