Алматыда мүгедектігі бар 200-ден астам адамға 1 млн теңгеге жуық көлік салығы заңсыз салынған

Алматыда мүгедектігі бар 200-ден астам адамға 1 млн теңгеге жуық көлік салығы заңсыз салынған
Сурет: Avtoshark.com

Бұл туралы Жетісу аудандық прокуратурасының мамандары хабарлады.

Қадағалау органының қызметкерлері аудан бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметіне талдау жасаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Тексеру барысында II топтағы мүгедектігі бар тұлғаға 2019 жылдан бастап көлік салығын төлеу міндеттелгені анықталған. Әйтсе де, тексеріс нәтижесінде 200 адам заңсыз берешегінен құтылды. Жетісу аудандық прокуратурасының мамандары мұндай қателік анықталса, тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне жүгінуге кеңес беріп отыр.

"Аудан прокуротурасымен 2019-2020 жылдар аралығында мүгедектігі бар жандарға солардың құқықтары сақталу бойныша талдау жұмыстары жүргізілді. Сол талдау жұмыстарының нәтижесінде осындай заң бұзушылықтар анықталып отыр. Анықталған заң бұзушылықтар бойынша прокурор ықпал ету актісі енгізілген. Қаралым нәтижесінде 200 мүгедек көлік салығынан босатылған", - деді Жетісу аудандық прокуратурасы прокурорының орынбасары Ермек Базарбаев.