Алматыда мерекелік жәрмеңке өтіп жатыр

Алматыда мерекелік жәрмеңке өтіп жатыр
Сурет: Almaty-akshamy.kz

1-10 наурыз аралығында.

Қаламызда мерекеге орай Forum сауда орталығында жәрмеңке өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Жәрмеңкеде қолөнер туындылары, әшекейлер мен киізден жасалған бұйымдар, ойыншықтар, крафт майшамы секілді көптеген тауар түрі ұсынылады.

Жәрмеңке серіктестері келушілерге шығармашылық шеберлік сабақтарын өткізеді. Толық ақпаратты @holiday.fairs. инстаграм парақшасынан көруге болады.

Мекенжайы: Сейфуллин даңғылы, 617

10.00-22.00 аралығы.