Алматыда мектеп директорлары қайта даярлаудан өтеді

Алматыда мектеп директорлары қайта даярлаудан өтеді
Сурет: Aactivityedu.ru

Алматы қаласы білім басқармасының ақпаратына сәйкес, 2022 жылдың ақпан айына дейін 50 білім беру ұйымының басшылық құрамынан 150 адам қайта даярлау бағдарламасынан өтеді. 

Алматы әкімдігі білім сапасын арттыру мақсатында мектеп директорларын қайта даярлау бағдарламасын іске қосты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алматы қаласының әкімдігі «Алматы мектебі» бағдарламасын жүзеге асыру арқылы «Басқару мен көшбасшылық: даму мектебі» басқару командаларын кәсіби тұрғыдан қайта даярлау бағдарламасын іске қосады.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров алғашқы дәрістерге қатысып, қала мектептері директорларының құзыретін арттыру жөніндегі жұмыс жоспарларын қарап, орта білім берудің ерекше маңызы бар адами капиталды дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Бағдарлама жаңа мазмұнға ие, оған қоса білім беру саясатын жобалау мен қалалық білім беру жүйесі менеджерлерінің басқарушылық білімі мен құзыреттілігін жетілдіруге бағытталған.

«Бағдарлама жетекші білім беру орталықтарымен бірлесіп жобаланған. Оқытушылар мен әлемнің жетекші мамандарымен өзара әрекеттесу, тәжірибе алмасу және жаңа білім мен дағдыларға ие болу Алматы Білім беру сапасын халықаралық деңгейге көтеруге айтарлықтай серпін береді», – деді қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева.

Бұл жобаны EdCrunch Academy заманауи білім беруді дамыту институты «НЗМ» ДББҰ-мен бірлесіп, ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен жүзеге асыруда. Бағдарламаның оқытушылары білім беру саласындағы жетекші сарапшылар, соның ішінде ЭЫДҰ сарапшылары болып табылады. Оқыту кезінде қатысушылар тәжірибелі сарапшылардан тьюторлық қолдау алады, жаңа құзыреттер бойынша модульаралық онлайн-курстарға қол жеткізе алады және шетелде тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болады. Бағдарлама аяқталғаннан кейін қатысушылар бітіру жұмыстарын - Алматы қаласы білім басқармасы мен «НЗМ» ДББҰ сарапшылар қоғамдастығы алдында өздерінің білім беру ұйымдарын дамыту бағдарламасын қорғайды.