Алматыда мамандар порнографиялық мазмұндағы сайттарды бұғаттады

Алматыда мамандар порнографиялық мазмұндағы сайттарды бұғаттады
Сурет: Tadviser.ru

100-ден астам сайтты анықтап, бұғаттау шараларын іске асырды. 

Алматы қалалық прокуратурасы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және заңбұзушылықтардың алдын алу бойынша тиімді шаралар әзірлей отырып, мәселеге егжей-тегжейлі талдау жүргізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Прокуратураның мәліметінше, соңғы кездері балаларды қорлау мен олардың мүдделеріне қарсы заңсыз әрекеттер көбейген. Сондай-ақ, қалалық прокуратура балалардың тыйым салынған интернет сайттарға еркін кіруі - қорлау мен сексуалдық әрекеттердің таралуына ықпал ететін триггерлердің бірі екенін анықтады. Олар жыныстық зорлық-зомбылықты, қатыгездікті, жыныстық белсенділікті ерте жастан насихаттайды. 

«Ағымдағы жылдың өзінде прокурорлар 100-ден астам порнографиялық мазмұндағы сайтты анықтап, бұғаттау шараларын іске асырды. Қазір бұл жұмыс белсенді түрде жалғасып жатыр. Бұл жұмысты күшейту үшін уәкілетті органдарға прокурорлық қадағалау актісі енгізілді», - делінеді прокуратураның хабарламасында. 

Осы орайда, Алматы қалалық прокуратурасы ата-аналарды балаларының виртуалды өмірін үнемі қадағалап, мінез-құлқына назар аударуға шақырды. 

Айта кетсек, биыл Ақтөбеде балаларға қатысты 11 сексуалдық зорлық-зомбылық дерегі тіркелді.