Алматыда мәдениет ошақтары  жетіспейді

Алматыда мәдениет ошақтары  жетіспейді
wildticketasia.com

Бұл туралы Алматы қаласы әкімі орынбасары А. Қырықбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Алматы Қазақстанның мәдени астанасы мәртебесін сақтап отыр. Қалада еліміздің жетекші театр-көркемдік, музей және кітапхана ұйымдары шоғырланған, көптеген мәдени шаралар өткізіледі. Тек өткен жылдың өзінде қалалық мәдени ұйымдарға 4 миллионнан астам адам келген.

Алматы қаласындағы көші-қон жағдайын ескере отырып, жаңа алматылықтар тағдырларының қалаға және оның болашағына қатысты екенін сезіндіру үшін, жұмыстың маңызды бағыттарының бірі мәдени бағдарламалау болып табылады.

Осы контекстегі мәдени бағдарламалау – урбанизацияның әлемдік үрдістерінің үстемдігі және осыған байланысты біріздендіру аясында қалалық мәдени ортаның ерекшелігін, даралығын және бірегейлігін қорғау, сақтау және көбейту тәсілі. Ол инфрақұрылымды дамытуды және болып жатқан оқиғаларды ғана емес, сонымен қатар бірыңғай алматылық мәдени кодты нығайтуға мүмкіндік беретін, қалалық бірегейлікті барынша сақтай отырып, тұрғындардың әртүрлі санаттары, қала әкімшілігі мен халық арасындағы коммуникация қағидасын өзгертуді де қамтиды.

Бүгінде Алматы еліміздің шығармашылық қоғамдастығы өкілдерінің көпшілігінің тұратын жері болып табылады, онда 160 мәдениет мекемесі, 161 тарих ескерткіші орналасқан. Көптеген мекемелер мен оқиғалар ауқымы ел көлемінде мәдениет саласында көшбасшы болып қалуға мүмкіндік береді, алайда басқа қалалармен салыстырғанда, мысалы, Қазан немесе Барселона, статистика соншалықты озық емес.

Қала бүгінде алдағы жылдары шешуді қажет ететін бірқатар проблемаларға тап болды.

Бірінші кезекте - бұл мәдениет ошақтарының  жетіспеушілігі. Наурызбай және Алатау аудандарында 500 мың тұрғынға шаққанда барлығы 12 мәдениет нысаны, 2 орталық ауданда – 98 нысан бар. 70% тозған қолданыстағы инфрақұрылым ерекше назар аударуды талап етеді. Цирк, Мемлекеттік қуыршақ театры, хайуанаттар бағы ғимараттарын күрделі жөндеу, музейлердің реэкспозициясы, кітапхана қорын жаңарту және т.б. талап етіледі.

Мәдени-демалыс орталықтарының ескірген форматтары олардың қызметі бойынша «монетизациялау» жоқ екенін көрсетеді, бұл өзін-өзі қамтамасыз ету мәселесі жоқ дегенді білдіреді. Қалалық мәдени ұйымдар өздерінің операциялық шығындарын өздігінен жаба алмайды. Музейлер, театрлар, концерттік ұйымдар қорғалу функциясы бар пассивті «классикалық» мекемелер қызметін атқаруда. Әдеттегідей, мәдени мұраны ұсыну маркетингі жоқ, репертуар аз жаңартылады. Жалпы, кеңістіктер балаларға және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға мейірімді емес.

Қала тұрғындарының барлық санаттары үшін кеңістікті ыңғайлы етіп қана қоймай, сонымен бірге балалық шақтан бастап мәдени құндылықтарды бойына сіңіре отырып, балалармен шығармашылық бағытта үйірме жұмыстарын одан әрі дамыту қажет. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін мәдени шаралар алуан түрлі емес. Тұрақты «брендтік» іс-шаралары жоқ. Мәдени іс-шаралардың 70%-тін концерттер құрайды.

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, мәдени-тарихи объектілерді жаңғырту, жаңа көрікті жерлерді құру, тұрақты халықаралық іс-шаралар, креативті индустрияға инвестициялар әлеуметтік-экономикалық дамуды едәуір дәрежеде негіздейтін өте табысты қадамдар жасауға мүмкіндік береді.