Алматыда кран құлап, 49 жастағы ер адам мерт болды

Алматыда кран құлап, 49 жастағы ер адам мерт болды
Cурет: Ашық дереккөз

Жер сілкінісі кезіндегідей үй де қозғалды

Оқыс оқиға 23 қаңтар күні таңертең Алматы қаласының Таугүл-1 ықшам ауданында орын алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Алматыда қалалық ПД-нің баспасөз қызметі құрылыс алаңында кран құлап, мерт болған 49 жастағы кран жүргізушісінің өліміне қатысты тергеу қолға алынғанын жеткізді.

Тергеу ҚР ҚК 277-бабы 2-бөлігі (тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде абайсызда адам өліміне әкеліп соққан қауіпсіздік ережелерін бұзу) бойынша жүргізіледі. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Көрші көпқабатты тұрғын үй тұрғындарының айтуынша, терезенің сыртынан дүңк еткен қатты дауысты естіген, жер сілкінісі кезіндегідей үй де қозғалған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бірнеше минуттан кейін оқиға орнына полиция мен дәрігерлер келіп жетті.

Қазіргі уақытта Алматыда қатты жел жоқ, екпіні – 0,83 м/с.