Алматы облысында мал ұрлаған күдіктілер ұсталды

Алматы облысында мал ұрлаған күдіктілер ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Криминалдық полиция қызметкерлері мал ұрлығымен айналысқан күдіктілерді құрықтады.

Алматы облыстық ІІД бастығының орынбасары, полковник Серік Шалхаров өңірде мал ұрлығы дерегін ашумен айналысатын арнайы топтар құрылғанын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Ұйғыр, Кеген, Талғар аудандарында, сондай-ақ Қонаев қаласында мал ұрлап, сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Қазіргі таңда оларға мал ұрлығының 7 дерегі бойынша айып тағылып отыр.

«Жедел іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері бірнеше ауданда мал ұрлаған 1993, 1984 және 1983 жылы туған ер адамдарды ұстады. Оларға 16 бас ірі қара мен екі жылқы ұрлады деген айып тағылып отыр»,  - деді полиция полковнигі Серік Шалхаров.

ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1 бабы «Мал ұрлығы» бойынша соталды тергеу басталды.