Қазақстан мен Өзбекстан қорғаныс министрлері кездесті

Қазақстан мен Өзбекстан қорғаныс министрлері кездесті
Сурет: Ашық дереккөз

«Қалқан-2023» бірлескен тактикалық-арнайы оқу-жаттығуы өтеді

Аталған кездесу Ташкентте қазақстандық әскери делегацияның Өзбекстанға ресми сапары аясында өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазақстанның қорғаныс ведомствосының басшысы, генерал-полковник Руслан Жақсылықов пен Өзбекстанның Қорғаныс министрі, генерал-лейтенант Баходир Құрбанов жауынгерлік және кадрлық даярлық саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Қазақстан Қорғаныс министрі мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынас пен әскери саладағы өзара іс-қимылды нығайту ынтымақтастықты одан әрі дамытатынын атап өтті.

Сапар аясында генерал-полковник Руслан Жақсылықов әріптесімен бірге екі елдің әскери қызметшілері жұмылдырылған «Қалқан-2023» бірлескен тактикалық-арнайы оқу-жаттығуының белсенді кезеңін бақылайды, одан өзге Өзбекстан Қарулы Күштері академиясының қызметімен танысатын болады.