Көпірлер еуропалық технологиямен жөнделеді

Көпірлер еуропалық технологиямен жөнделеді
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 

Алматыда көпірлер мен жолайырықтың жігін жөндеуде еуропалық технологиялар қолданылды

Алматы қаласы мәслихатының кезекті XV сессиясы барысында мәслихат депутаттары жолайырықтарындағы деформациялық жігін жөндеу үшін қандай технологиялар қолданылатынын сұрады. Сондай-ақ, қаладағы көпірлер мен жолайырықтардың жер сілкінісіне төзімділігі туралы сұрақ қойылды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Алматы қаласы мобилділік басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Әбжаханның жауабы:

Райымбек даңғылы мен Әшімов көшесінің қиылысындағы эстакадада 10 см-ге дейінгі деформациялық жік байқалды. Бұл құрылымның бұзылуы емес, физикалық процестер, қыста металл мен бетонның сығымдалуымен және жазда созылуымен байланысты, яғни бұл температура амплитудасының нәтижесі. Бұл жолайырықтың жарамдылық мерзімі 10 жыл. Ол 2014 жылы салынған және оның пайдалану мерзімі аяқталуға жақын. Сондықтан биыл деформациялық жік бойынша жұмыс жүргізілді, барлығы толық жөндеуден өтті. Еуропалық технология қолданылды.

Енді көпір, жолайырық сияқты жасанды құрылыстарды жөндеуге келсек. Бүгінгі таңда 12 орын анықталды. Алдыңғы жер сілкінісінен кейін біздің мамандар барлық көпірді зерттеді. Ешқандай қауіп анықталған жоқ. Алайда қолданыстағы көпірлер ағымдағы және күрделі жөндеуден өтіп жатыр.