Алматыда көп балалы ананың көлігін ұрлап кеткен ер адам ұсталды

Алматыда көп балалы ананың көлігін ұрлап кеткен ер адам ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Көлік ұрысы "Мазда" автокөліктерін ұрлауға машықтанған.

Қалалық криминалдық полицияның мәліметінше, Алматы облысының 28 жастағы тумасына қатысты көлік ұрлаудың үш дерегі анықталды. Жаңа эпизодтар да жоққа шығарылмайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Ұсталған азамат тек Mazda автокөліктерін ұрлауға маманданған. Күдіктіні әшкерелеу және ұстау іс-шарасын біздің бөлімше қызметкерлері Түрксіб аудандық полиция басқармасындағы әріптестерінің көмегімен жүргізді. Онымен бірге сатып алушы да қамауға алынды. Қаскөйлер қылмыстық мәміле кезінде ұсталды: ұрлаушы бөтеннің көлігін Есік қаласына әкелген, ал сатып алушы көліктің ұрланғанын біле тұра, оны қабылдаған. Олар өз істерін бірден мойындады. Жедел іздестіру шаралары барысында қаскөйдің тек күндізгі уақытта ұрлық жасағаны анықталды. Ол "Март" сауда үйінің тұрағынан екі көлікті, ал базардың тұрағынан тағы бір көлікті ұрлап кеткен. Ол құлыпты ашып, қозғалтқышты іске қосу үшін арнайы техниканың көмегімен көлікті ашқан», — деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Полиция көлік сату тізбегін соңына дейін бақылай алды. Үш темір тұлпар үшінші тұлғаларға қайта сатылған, екеуін бөлшектеп үлгермеген. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тергелуде. Тергеу барысында қаскөйлер уақытша ұстау изоляторына қамалды.