Алматыда қоғамдық көлікте біреудің қаржысын жымқырған күдікті ұсталды

Алматыда қоғамдық көлікте біреудің қаржысын жымқырған күдікті ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Жетісу аудандық полиция басқармасына 33 жастағы әйелден арыз түскен.

Айтуынша, түскі уақытта 130-бағыттағы қоғамдық көлікте белгісіз біреу оның 180 мың теңге ақшасын ұрлап кеткен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Жедел-іздестіру шаралары қаскөйдің жеке басын анықтауға мүмкіндік берді. Ол 33 жастағы К.есімді азамат болып шықты. Ұрлық қоғамдық көлік салонына орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған. “Ізін суытпай” ұсталған күдікті бөтеннің мүлкін ұрлағанын мойындады. Оның әрекеті ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі бойынша сараланды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.  ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.