Алматыда қоғамдық тәртіп қалай қамтамасыз етіледі?

Алматыда  қоғамдық тәртіп қалай қамтамасыз етіледі?
almaty-akshamy.kz

Алматыда күн сайын 2 мыңнан астам полиция қызметкері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді.

Алматыда қоғамдық орындарда жасалған құқық бұзушылықтар саны 6,2%-ға, оның ішінде көшеде жасалған құқық бұзушылықтар 26,5%-ға азайды.

«Қабылданған шаралардың нәтижесінде жалпы криминогендік жағдайды тұрақтандыру, қылмыстарды ашу, сондай-ақ қоғамдық орындарда жасалған құқық бұзушылықтарды анықтау және дер кезінде жолын кесу бойынша жұмыс жақсарды.  Қалада барлығы 1 мың 844 патрульдік бағыт әзірленді, оның 468-і автомобиль, 1 мың 294-і жаяу, сондай-ақ 44 стационарлық полиция бекеті.  Айтпақшы, жыл басынан бері полицияның модульдік бекеттерінде қызмет еткен полицейлер 600-ге жуық құқық бұзушылықтың жолын кесті.  Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың мониторингі мүліктік қылмыстардың басым екенін көрсетеді.  Олардың алдын алу және жолын кесу мақсатында жергілікті іс-шара жұмыстары жүргізілуде», - деді, Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі Басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Диас Дуанбеков.

Сондай-ақ полицияда, қала Әкімдігі мен ІІМ қолдауымен полиция бөлімшелерінің материалдық-техникалық жарақтандырылуы, бейнебақылау жүйесі жетілдіріліп, полиция қызметкерлерінің жалақысы көтеріліп, сапалы және нәтижелі жұмысқа, сондай-ақ қаладағы қылмыстық жағдайды жақсартуға оң нәтиже бергенін атап өтті.

Алматы қалалық полиция Департаменті баспасөз қызметі