Алматыда Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовты еске алу рәсімі өтті

Алматыда Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовты еске алу рәсімі өтті
Сурет: Polisia.kz

Халық қаһарманын әріптестері еске алды

Алматыда Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовты еске алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

2011 жылдың 12 қарашасы Қазақстан полициясының тарихына қарулы қылмыскердің жолын кескен “Халық хақарманы”  Ғазиз Байтасов Әбдібекұлының қаза болған күні ретінде енді.

Гранатамен өзін-өзі жарып жіберген жанкештілерді өз кеудесімен жауып, өзінің өмірін қиып, азаматтарды өлімнен қорғады. Ғазиз Байтасовтың ерлігіне орай бүгін ПД-де қызметтік борышын өтеу барысында қаза тапқан полиция қызметкерлерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Тәртіп сақшылары заманымыздың қаһарманын бір минут үнсіздікпен еске алды.