Алматыда карантин шараларын бұзған «қызыл» мәртебесі бар 267 адам айыппұл төлейді

Алматыда карантин шараларын бұзған «қызыл» мәртебесі бар 267 адам айыппұл төлейді
Сурет: Tengrinews.kz

«Қызыл» мәртебесі барларға айыппұл салынды

COVID-19-ға ПТР тест тапсырып, оң нәтижесін алған алматылықтар қоғамдық орындарға барып, «ASHYQ» бойынша жұмыс істейтін нысандарда, дәлірек айтқанда, ХҚКО, мейрамханалар, фитнес-орталықтар, әуежай, кинотеатрлар, компьютерлік клубтар, бассейндер сияқты басқа да нысандардың қызметтерін пайдалануға тырысты.

«Аshyq арқылы 14 күндік үй карантинін бұзған 267 алматылық әкімшілік жауапқа тартылып, 30 АЕК көлемінде айыппұл төледі», - деп хабарлады санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

«Қызыл» статусы анықталған тұрғындар «ASHYQ» жобасы бойынша жұмыс істейтін объектілерге жіберілмейді. Өзін-өзі оқшаулау режимін көбінесе кеңсе ұйымдары, әлеуметтік сала, білім беру ұйымдары, банктер, сауда, қаржы нарығы, әлеуметтік қызметтер, қоғамдық тамақтану және басқа да нысандардың қызметкерлері бұзады», - делінген хабарламада.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті амбулаторлық ем алып жатқан азаматтарды өзін-өзі оқшаулау режимін бұзбауға және қоғам алдында азаматтық жауапкершілікті ұмытпауға шақырады.