Алматыда карантин талаптарын бұзған ойын-сауық орындары жарияланды

Алматыда карантин талаптарын бұзған ойын-сауық орындары жарияланды
Сурет: Newsorb360.in

Осы жылдың 20 наурызы мен 7 маусымы аралығында барлық белгіленген шектеулерді бұзған 1088 жағдай анықталды.

Алматыда 4-7 маусым аралығында белгіленген шектеулерді бұзған 36 жағдай анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметіне сәйкес, демалыс күндері мониторингтік топтар күшейтілген режимде жұмыс істеген.

Айта кетсек, Алматыда маусымның 4-інен 5-іне қараған түні белгіленген шектеуді бұзған 19 жағдай анықталды.

Тәртіп бұзғандар тізімінде:

Әуезов ауданындағы «Достар сарайы» мейрамханасы 150 адамға арналған үйлену тойын өткізген. Сол уақытта Бостандық ауданына қарасты Han Sarai мейрамханасында да той өткен. Медеу ауданында The Monkey кафесінде 150-ге жуық адам болса, «Небо» барында да 120-ға жуық адам жиналып, заң бұзушылыққа жол берген.

Маусымның 5-інен 6-сына қараған түні тексерушілердің мобильдік тобы белгіленген шектеуге бағынбаған 14 жағдайды анықтады.

Наурызбай ауданындағы «Ильхам» мейрамханасында 150 адамға есептелген салтанатты іс-шара өткен.

Бостандық ауданының тексерушілері Hide Park ойын-сауық паркінің фудкортында 150-ге жуық адамның жиналғанын анықтады.

Медеу ауданында ішінде 150-ге жуық адам болған «Атмосфера» мейрамханасын анықтады. Тағы бір заң бұзушылық 200 адам жиналған «Лейд Найд шоуда» анықтады.

«Дос» компьютерлік клубында  40-қа жуық адам болса,  Медеу ауданындағы «Пинта» барында да 100-ге жуық адам жиналып, заң бұзушылыққа жол берген.

Алматы әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын карантин режимін қатаң сақтауға, жұқтыру қаупін азайту мақсатында салтанатты іс-шараларға, адам көп жиналатын жерден аулақ болуға шақырады.