Алматыда қала маңына қатынайтын бағыт ашылады

Алматыда қала маңына қатынайтын бағыт ашылады
Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Биыл 20 қазанынан бастап 12 жылжымалы бірлік желісінде қала маңына қатынайтын «Төле би - Яссауи бұрылу алаңы - Қарғалы кенті» сызбасы бойынша жүретін №236 бағыт ашылады әрі көліктің қозғалыс интервалы 17 минут болады. 

Жолаушылар мен жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау Ережелеріне сәйкес қызмет көрсету «NEO city TRANS» ЖШС тасымалдаушыға берілді. Осы бағыт бойынша жолаушыларды тасымалдау ISUZU HC-40 маркалы автобустар жүргізетін болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Еске салсақ, Алматы агломерациясын дамыту аясында Алматының қалалық мобильділік басқармасы 2023 жылы 25 елді мекенді қамтитын жаңа қала маңындағы бағыттарды ұйымдастыруды жоспарлауда. Бұған дейін 3 бағыт іске қосылған, олар: №223 «Саяхат-Нұра және Туғанбай ауылдары», №233 «Қараой – Саяхат ауылы», № 240 «Батыр ауылы – «Адем-1» СҮ, Солтүстік айналма көшесі, қалған бағыттар әзірленуде.

Бұдан басқа, Алматы және Алматы агломерациясын дамыту жоспарына сәйкес 2024 жылдың соңына дейін 20 жаңа қала маңындағы бағыттарды ұйымдастыру жоспарлануда, олардың есебінен 50 елді мекен қамтамасыз етіледі.