Алматыда кәсіпкерлерге арналған цифрлық сервис іске қосылды

Алматыда кәсіпкерлерге арналған цифрлық сервис іске қосылды
geografiyadobra.ru

Кәсіпкерлік саласындағы заң бұзушылықтар туралы белгіні қалалық прокуратураға жылдам жіберуге болады

Енді смартфон камерасын QR-кодқа бағыттау арқылы кәсіпкерлік саласындағы бұзушылықтар туралы белгіні қалалық прокуратураға жылдам жіберуге болады, - деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Алматы қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласының прокуратурасы баспасөз қызметі мәлім еткендей, қалалық прокуратура мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлер цифрлық сервис ойлап тапты. Ол арқылы кәсіпкерлер мобильді топқа кәсіпкерлік саласындағы бұзушылық туралы белгі мен онлайн өтініштер қалдыра алады.

«Кәсіпкерлік саласындағы бұзушылық туралы белгі мобильді топқа жедел әрекет ету үшін жылдам жетеді. Бұл кәсіпкерлерге бұзылған құқықтарын тез арада қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Процесті цифрландыру бизнес субъектілерінің уақытын үнемдеп, олардың құқықтарының бұзылуына тез арада ден қоюға мүмкіндік береді»,- деп хабарлады Алматы қалалық прокуратураның баспасөз қызметі.