Алматыда инватакси көбейді

Алматыда инватакси көбейді
Сурет: Voxpopuli.kz

Көліктер саны 46-дан 100-ге көбейді.

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бірінші отырыстың қорытындысы бойынша Invataxi қызметтерін қаржыландыру қайта қаралды.

Инватакси орта есеппен ай сайын ерекше қажеттіліктері бар 1,5 мың азаматқа қызмет көрсетеді. Көліктер жеткіліксіз болды, бұл жалпы ұсынылатын қызметтердің сапасына әсер етті. Мәселені шешу үшін көліктер саны 46 бірліктен 100 бірлікке дейін ұлғайтылды.