Алматыда ерте диагностиканың көмегімен апатты ағаштардың санын қысқартуға ниетті

Алматыда ерте диагностиканың көмегімен апатты ағаштардың санын қысқартуға ниетті
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Алматыда ағаштардың жағдайын заманауи технологиялардың көмегімен тексеретін болады.

Мегаполис - шіріген және кепкен ағаштарды анықтау үшін резистографтар мен импульстік томографтарды сатып алған Қазақстандағы алғашқы қала, дп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Эколог Болат Әмірғалиев атап өткендей, неміс жабдықтары тамыр жүйесінде және ағаштың басқа бөліктерінде импульстардың көмегімен шіріген жердің бар-жоғын көруге мүмкіндік береді. Осылайша, жедел түрде жасыл желектердің зақымдануы туралы қорытынды алуға және қала үшін қауіпті азайтуға болады. Алматыда осы мақсаттар үшін барлығы 8 резистограф және 2 импульсті томограф сатып алынды.

«Қазақстанда алғаш рет біз жедел шешімдер қабылдау және ағаштардың жағдайын тексеру үшін заманауи технологияларды пайдалана аламыз. Бүгін біз оларды Баум тоғайы мен басқа да қала саябақтарын зерттеу үшін пайдалануды жоспарлап отырмыз. Құрылғы сол жерде апатты және ескі ағаштарды анықтауға көмектеседі», - деп түсіндірді эколог Болат Әмірғалиев.

Биыл  қала тұрғындары мен олардың мүліктерінің  қауіпсіздігі үшін өзегі  мен тамыр жүйесі шіріген  17 мыңға жуық ағаш  кесілгенін еске саламыз.  Ықтимал қауіпті ағаштарды анықтау процесінде ғылыми институттар ғалымдарының қатысуымен мұқият талдау жүргізіледі.