Алматыда ерекше көрме басталды

Алматыда ерекше көрме басталды
Сурет: ұйымдастырушылардан

Көрменің бір бөлігінде жасанды интеллект көзімен бейнеленген Қазақстан суреттеледі.

Алматы орталық көрме залы және Plan В галереясының қызметкерлері ұйымдастырып жатқан көрмеде нейрожелі арқылы жасалған 120 жұмыс түрі көрсетіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Жоба қонақтары еліміздің табиғатын, сәулеті мен ұлттық асханасының балама көріністерін тамашалай алады.

Көрме соңында қойылатын “Цифрлық эволюция” фильмі адамдарға киноның ішінде жүргендей әсер қалдырады. Сондай-ақ ұйымдастырушылар көрменің қызықты өтуі үшін арнайы квест дайындап қойған. Онда әрбір адам смартфон арқылы көрмеге қатысты аудио-гидті тыңдай алады.

Билет құны:

Ересек адамдарға – 3000 теңге;

ЖОО студенттері мен зейнеткерлерге – 1500 теңге;

Мектеп, гимназия оқушыларына, орта білім мекемелерінің студенттері, көпбалалы отбасы мүшелері, ІІІ топтағы мүгедектер – 1000 теңге;

7 жасқа дейінгі балалар, І, ІІ топ мүгедектері, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне кіру тегін.

27 ақпанда басталған көрме 27 сәуірге дейін жалғасады.

10.00-19.00 аралығында ашық.

Байланыс нөмірі: +7 775 909 02 52

Мекенжайы: Желтоқсан көшесі, 137. Алматы орталық көрме залы.