Алматыда ерекше автошоу өтіп жатыр

Алматыда ерекше автошоу өтіп жатыр
Сурет: Almaty.tv

Алматыда керемет автошоу өтіп жатыр. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz хабарлайды Almaty.tv-ге сілтеме жасап. Фестиваль 20:00-ге дейін жалғасады. 

Іс-шарада 156 түрлі көлік әкелінген. Оның ішінде қалпына келтірілген классикалық автомобильдер, жаңа автомобильдер, жоғары деңгейлі люкс үлгілері, спорттық автомобильдер, жол талғамайтын көліктер, сондай-ақ неміс автомобиль өнеркәсібінің аты аңызға айналған үлгілері де бар.

Спорттық авто фестиваль барысында эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді. Сондай-ақ кез келген адам мотобайкке мінуден тегін мастер-класс өткізіп, жоба демеушілерінен сыйлық ала алады.

Сонымен қатар қайырымдылық шарасы да ұйымдастырылады.

Айта кетейік, автошоуға байланысты Төле би (Абылай хан мен Панфилов) көше арасындағы жол жабық. Сондықтан көлік жүргізушілеріне уақытша шараға түсіністікпен қарап, қозғалыс бағытын алдын ала түзетуді сұраймыз.