Алматыда ер адам кішкентай қыздың құлағындағы алтын сырғаны шешіп алған

Алматыда ер адам кішкентай қыздың құлағындағы алтын сырғаны шешіп алған
Сурет: Polisia.kz

Күдікті 8 жасар қыздың құлағындағы сырғасын шешіп алған.

Бұл қылмыс туралы полицияға қыздың анасы хабарлаған. Әйелдің айтуынша, қаладағы дәріханалардың бірінде белгісіз ер адам оның кішкентай қызының құлағындағы сырғасын шешіп алған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

«Бөтеннің мүлкін ашық түрде ұрлау дерегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Бейнежазбада қаскөйдің баланың құлағынан сырғасын қалай алып жатқаны көрсетілген. Ең алдымен, белгілер бойынша күдіктінің жеке сұлбасы құрастырылды. Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында біздің бөлімшенің қызметкерлері сол күні 49 жастағы К.есімді қала тұрғынын ұстады. Күдікті қылмыс жасағанын мойындады. Қазіргі уақытта оның жеке басының бұрын жасалған басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексерілуде. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып жатыр», – деді Әуезов аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Елнұр Құдретбаев.