Алматыда екпе алғандар саны бойынша Наурызбай ауданы көш бастап тұр

Алматыда екпе алғандар саны бойынша Наурызбай ауданы  көш бастап тұр
Сурет: Inbusiness.kz

Мегаполисте вакцинацияланғандардың саны 1 млн адамнан асты

Бақытжан Сағынтаев мегаполис аудандары арасында вакцинация бойынша аутсайдерлер мен көшбасшыларды атады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Алматы өңірлер бойынша халықты профилактикалық иммундау қарқыны бойынша бұрынғысынша көш бастап тұр. Мегаполисте 1 005 496 адам өз денсаулығын және айналасындағылардың денсаулығын қорғауға қамқорлық жасады, 955 410 адам вакцинацияның толық курсынан өтті. Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев Akimat LIVE бағдарламасы арқылы қалалықтармен тікелей трансляция барысында өңірлер бойынша халықты вакцинациялау қарқыны туралы айтып берді.

«Бүгінгі таңда миллионнан астам алматылық вакцина алды, бұл вакцинациялауға жататын халықтың жалпы санының 76,5% - ын құрайды. Әуезов және Бостандық аудандары артта қалып келеді. Наурызбай ауданы толықтай дерлік аяқтады, бүгінде бұл көрсеткіш 95 пайызға жетті. Алатау ауданында 81,7 %, Медеу, Түрксіб және Алмалы аудандарында жақсы қарқынмен келеді», – деді әкім.

Мегаполис басшысы сондай-ақ Алматыда ревакцинация науқаны 20 қарашада басталатынын атап өтті.

«Бізде ревакцинация басталмақ, ал көбісі әлі біріншісін алған жоқ.   Халық санағы аяқталды, іс жүзінде бізде 2 миллионнан астам адам бар, яғни бізде вакциянацияланған миллион тұрғын бар екенін ескерсек, ұжымдық иммунитет 50% шегіне жеткен жоқ. Мамандардың ұсынысы бойынша, барынша тиімді болу үшін біз халықтың 80% – ын вакцинациялауымыз керек», - деп атап өтті әкім.