Алматыда дзюдодан Азия кубогі өтеді

Алматыда дзюдодан Азия кубогі өтеді

Азия кубогінде 2005-2006 жылы туған жасөспірім, 2002-2004 жылдары туған жас дзюдошылар сынға түседі.

Алматыда 13-15 мамыр күндері Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Бекет Махмұтовты еске алуға арналған дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында Азия кубогі өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) күнтізбесіне сәйкес өткізілгелі отырған жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне IJF ережесіне сейкес әлемдік рейтингте ұпай қосылады. Жарыс жеңімпаздарына 100 ұпайдан берілсе, күміс жүлдегерге – 60, қола жүлдегерге – 40 ұпайдан беріледі.

Азия кубогі осымен бесінші рет ұйымдастырылады.