Алматыда дүниежүзілік ат үстіндегі күрес федерациясы құрылды

Алматыда дүниежүзілік ат үстіндегі күрес федерациясы құрылды
Сурет: ашық дереккөз

 Аударыспақ спорты біздің елден бөлек, Орта Азия, Кавказ өңірі, тіпті Еуропада кең тараған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Венгрияда осы көне спорт түрінен жарыстар жиі өтіп тұрады. Ал Қазақстанда 2 мыңға жуық адам аударыспақпен айналысады. Бұл ойын көшпенділерден бастау алған. Белгіленген алаңда екі шабандоз күреседі. Ережеге сәйкес аттан құламағаны жеңіске жетеді,-деп жазды 24.kz. Жаңадан құрылған федерацияға Еуразияның 10 мемлекеті мүше. Қауымдастық осы спорт түрін дамыту, оны Азия ойындарының бағдарламасына, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның материалдық емес, мәдени мұраларының тізіміне енгізуді мақсат етеді.

- «Методичка» ашайын деп жатырмыз. Енді мынау жастарға, әсіресе осы ойын жастарға популизация жасайық деген ойымыз бар. Бүкіл мемлекетпен отырып, бір ортаға «устав» жасап, ортақ шешімге келдік,-дейді Қазақстанның Аударыспақ федерациясының президенті Марат Жұман.