Демалыс күндері көшелер жабылады

Демалыс күндері көшелер жабылады
сурет: Prosports.kz

26 қыркүйек күні оныншы мерейтойлық «Алматы марафоны» өтеді.

Алматы марафонының ұйымдастыру комитеті оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтарына жарыс өтетін күні жолдардың ішінара жабылатыны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Марафон қашықтықтарының өту жерлерінде 25 қыркүйек күні сағат 6:00-ден 26 қыркүйек күні 18:00-ге дейін жолдардағы қозғанлыс ішінара жабылады. Спортсмендердің қашықтықтан өтулеріне сай жолдар ашылады.
Сөре орны Ресупблика алаңында болғандықтан, Сәтпаев көшесі бойымен 25 қыркүйек күні сағат 9:00-дан 26 қыркүйек күні 18:00-ге дейін Желтоқсан көшесінен Наразбаев даңғылына дейінгі жол қозғалысы толықтай жабылады.

26 қыркүйек:

Назарбаев даңғылы бойында Сәтпаев көшесінен Әл-Фараби даңғылына дейін қозғалыс 04:30-дан 12:00-ге дейін толықтай жабылады.
Әл-Фараби даңғылы бойында Назарбаев даңғылынан Достық даңғылына дейін қозғалыс 04:30-дан 09:30-ға дейін толықтай жабылады.
Әл-Фараби даңғылы бойында Назарбаев даңғылынан Шашкин көшісіне дейін қозғалыс 04:30-дан 12:00-ге дейін жартылай жабылады, даңғылдың оңтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.
Әл-Фараби даңғылы бойында Шашкин көшесінен Саин көшесіне дейін қозғалыс 04:30-дан 13:30-ға дейін жартылай жабық болады, даңғылдың оңтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.
Саин көшесі бойында Әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейін қозғалыс 04:30-дан 13:30-ға дейін жартылай ашық болады, көшенің батыс жағы көлік қозғалысына ашық болады.
Абай даңғылы  бойында Саин көшесінен Байтұрсынұлы көшесіне дейін қозғалыс 04:30-дан 14:00-ге дейін жартылай жабық болады, көшенің солтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.
Байтұрсынұлы көшесі бойында Абай даңғылынан Сәтпаев көшесіне дейін қозғалыс 04:30-дан 14:00-ге дейін толықтай жабық болады.
Сәтпаев көшесі бойында Байзақов көшесінен Байтұрсынұлы көшесіне дейін қозғалыс 04:30-дан 10:35-ке дейін толықтай жабық болады.
Сәтпаев көшесі бойында Байтұрсынұлы көшесінен Желтоқсан көшесіне дейін қозғалыс 04:30-дан 14:00-ге дейін толықтай жабық болады.
Байзақов көшесі бойында Тимирязев көшесінен Сәтпаев көшесіне дейін қозғалыс 04:30-дан 10:35-ке дейін толықтай жабық болады.
Тимирязев көшесі бойында Шашкин көшесінен Байзақов көшесіне дейін қозғалыс 04:30-дан 10:35-ке дейін толықтай жабық болады.
Шашкин көшесі бойында Әл-Фараби даңғылынан Тимирязев көшесіне дейін қозғалыс 04:30-дан 10:35-ке дейін толықтай жабық болады.
Деректер жүгіруге қатысушылардың қозғалыс уақытының ұтымды бөлінуін ескере отырып енгізілді.
Республика алаңына көлікпен жету үшін ұсынылатын маршрут:
Желтоқсан көшесі бойымен оңтүстікке Сәтпаев көшесіне дейін
Сәтпаев көшесі бойымен батысқа Назарбаев даңғылына дейін
Назарбаев даңғылы бойымен оңтүстікке Сәтпаев көшесіне дейін
Әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағынан Нұрлы-Тауға дейін және алаңға жаяу бару
Абай даңғылы бойымен батысқа Желтоқсан көшесіне дейін
Шевченко және Құрманғазы көшелері бойымен Желтоқсан көшесіне дейін
«Абай» станциясына дейін метро арқылы.
Естеріңізге салып кетейік, 26 қыркүйек күні оныншы мерейтойлық «Алматы марафоны» өтеді. Спорт әуесқойларына келесі қашықтықтар берілген: 10 км, 21,1 км, 42,2 км, Экиден командалық эстафетасы, 10 км скандинавиялық жүріс. Қатысушылардың жас мөлшері: 10 км және 10 км скандинавиялық жүріс – 15 жастан, 21,1 км және 42,2 км қашықтықтарына – 18 жастан, Экиден командалық эстафетасына – 16 жастан басталады.
Сөре уақыты:
07:30 – 42,2 км және Экиден
07:40 – 21,1 км
07:55 – 10 км
08:10 – 10 км скандинавиялық жүріс.