Алматыда демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді

Алматыда демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді
Сурет: Almaty.tv

Жәрмеңке сенбі және жексенбі күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін өтеді. 

Алматыда желтоқсан айы бойы әрбір сенбі және жексенбі күндері Алматы облысының жақын маңдағы аудандары (Қарасай, Жамбыл, Іле, Талғар және Еңбекшіқазақ) тауар өндірушілерінің, сонымен қатар, Алматы қаласының азық-түлік кәсіпорындарының қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Алматыдағы жәрмеңкелердің мекенжайы:

  1. Алмалы ауданы (Гоголь көшесі, Масанчи көшесінің қиылысы);
  2. Бостандық ауданы («Қазақфильм» ықшам ауданы);
  3. Әуезов ауданы (Абай даңғылы, Өтеген батыр көшесінің қиылысы);
  4. Медеу ауданы (Меңдіқұлов көшесі, Бектұров көшесінің қиылысы және Шевченко көшесі, Қонаев көшесінің қиылысы);
  5. Түрксіб ауданы («Жұлдыз» ықшам ауданы).