Алматыда бір тәулікте 7 208 адам COVID-19 қарсы вакцина салдырды

Алматыда бір тәулікте 7 208 адам COVID-19 қарсы вакцина салдырды
Сурет: Tonight.de

Қалада 212 пункт жұмыс істеп тұр.

Алматы қаласында бір тәулікте 7 208 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәліметі бойынша, қалада 212 пункт жұмыс істеп тұр. 1 260 адамнан тұратын 308 егу бригадасы бар.

«15 шілде күні 7208 алматылық вакцина салдырды. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 14 шілдесі аралығында қалада барлығы 635 340 адам вакцина салдырды. Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілердің үлесі – 92 352», - делінген басқарма хабарламасында. 

Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылған. «Қазір медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді», - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.