Алматыда белгілі кәсіпкердің бизнес-романы таныстырылды

Алматыда белгілі кәсіпкердің бизнес-романы таныстырылды
Сурет: 24.kz

Белгілі кәсіпкер Бауыржан Аманкелдінің кітабы «Тағдыр тасқыны» деп аталады.

Автор басылымның сатылымынан түскен барлық қаражатты қайырымдылыққа жұмсамақ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Кітап автордың басынан өткен оқиғалары мен өмірлік сабақтары туралы сыр шертеді. Романнан бөлек қызықты әңгімелер мен автордың кәсіпкерлік жолдағы қабылдаған тиімді шешімдері баяндалады. Мысалы, компанияларды құлдырауға немесе өрлеуге әкелген жағдайларды егжей-тегжейлі сипаттайды. Биографиялық роман 3000 данамен шықты. Оның 500-і қазақ тілінде.

«Бұл кітапта бизнестегі бағындырған биігім мен құлдырау кезеңдерін ашық жаздым. Сондықтан оқырман үшін, жас кәсіпкерлер үшін жақсы мотивациялық туынды болады деп ойлаймын. Мысалы, бизнесті бастау ешқашан кештік етпейді. Бұл кітаптағы маңызды ойлардың бірі осы», - дейді автор Бауыржан Аманкелді.