Алматыда Байзақов көшесінде орташа жөндеу жұмыстары басталды

Алматыда Байзақов көшесінде орташа жөндеу жұмыстары басталды
Сурет: ашық дереккөз

Жол жабыны жағдайын зерттеу қорытындыларына сәйкес орташа жөндеу жоспарына Байзақов көшесі енгізілген болатын. 

29 тамыз сағ.23:00-ден 30 тамыз 06:00-ге дейін жол жабынына орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Байзақов көшесінің Тимирязев көшесінен Сәтбаев көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толығымен жабылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Жабық учаскені Әуезов, Сәтбаев Байтұрсынов және Тимирязев көшелері арқылы арқылы айналып өтуге болады. 
Жол-көлік оқиғаларын болдырмау және жол қозғалысын ұйымдастыру үшін жоғарыда аталған көше учаскесінде патрульдік полиция полкінің 2 экипажы жұмылдырылатын болады.

Жол жөндеу жұмыстары жайлы соңғы жаңалықтар қала әкімдігі мен қалалық мобилділік басқармасының ресми парақшаларында, Алматы жол телеграм арнасында (https://t.me/AlmatyJoly), сонымен қатар, 2ГИС және Яндекс карта қосымшаларында қолжетімді.
Жол жөндеу жұмыстары 2023 жылға жоспарланған жұмыстар аясында жүргізіліп отыр. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз. 

Бұл қала жолдары ұзағырақ пайдалануға қажетті шара. Маршрутты алдын ала жоспарлап алыңыздар.