Алматыда балалар аутизмін емдеу туралы семинар өтті

Алматыда балалар аутизмін емдеу туралы семинар өтті
Суретті түсірген - Қ.Қоныспаев

Алматыда «Балалардағы ерте пайда болатын аутизм кезінде мағыналы қабылдауды дамыту» және «Эмоционалды күйзеліс» тақырыптары бойынша семинар өтті.

Ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін ата-аналар мен мамандарға арналған ақпараттық-профилактикалық оқыту семинарын «Начни новую жизнь» жеке меншік қоры «Самұрық Қазына» қорының қолдауымен ұйымдастырды.

Семинар тренингті жоба координаторы Пак Светлана Владимировна өткізді. Балалар аутизмін ерте емдеу туралы арнайы шақырылған психиатр, психотерапевт Русакова Ирина Владимировна еңжей-тегжейлі айтты. Ирина Владимировна балалар аутизмін емдеумен айналысатын тәжірибелі маман. Ол өзінің жеке әдіснамасы туралы айтып берді. Оның сөзінше жыл өткен сайын аутизммен ауыратын балалардың саны өсіп келеді. Өз тәжірибесінде алғаш рет Қазақстанда аутизммен ауырған баланы 1993 жылы көрген екен. Оған дейін тек кітап беттерінде ауру туралы ақпарат болған.

Сала маманы балаларда ауру белгілерін ерте анықтаған дұры дейді. Ем қабылдауды бастайтын ең тиімді уақыт 4-5 жас. 7 жасқа дейін бала емделуі тиіс дейді психотерапевт. Себебі 7 жаста бала психикасы толық қалыптасады. Маманның әдіснамасына келетін болсақ, аутизммен ауыратын балаларды қоршаған ортаны, өзін саналы түрде қабылдауына жағдай жасауға әрекет етеді. Әдіснаманың басты ерекшелігі баланы өзінің құрдастарымен ойнату арқылы біртіндеп емдеу.