Алматыда балалар арасындағы КВИ жұқтыру көрсеткіші 22 есеге көбейген

Алматыда балалар арасындағы КВИ жұқтыру көрсеткіші 22 есеге көбейген
Сурет: Newsgomel.by

Қазірдің өзінде бір жасқа толмаған 200 шақты нәресте коронавирустан емделіп жатыр.

Алматыда балалар арасындағы індет жұқтыру көрсеткіші былтырғы жылмен салыстырғанда 22 есеге көбейген, деп хабарлайды Almaty-akhamy.kz Almaty.tv сайтна сілтеме жасап.

Дәрігерлердің айтуынша, қалада 14 жасқа дейінгі 965 бала COVID-19 шалдыққан. Оған шаһарда «дельта» штамының белең алуы себеп болған. Осылай деген қаланың бас санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин алматылық ата-аналарды балаларын бақылауға алуға шақырды. Айтуынша, олар қолдарын жиі сабынмен жуып, дезинфекциялауы керек. Адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болып, қоғамдық орындарда бетперде таққаны жөн.

"Дельта" штамының ерекшелігі – бұл жас балалар арасында жылдам таралып жатқан вирус.  Қазір шамамен 200 нәресте бала ауырып жатыр. Қала жұрты осы көрсеткішті ескерсе деймін. Әзірше ойын алаңдары, саябақтар және басқа да қоғамдық орындардан бас тарта тұрған жөн. Ата-аналар толық қырағылық танытуы керек. Бес жастан асқан балалар бетперде режимін сақтауы тиіс», – деді қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин.